+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды

2019 жылғы 12 желтоқсан 02:57
Бөлісіңіз:
Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада үш адамды пышақпен жарақаттаған күдікті ұсталды Қытайда қайық рифке соғылып, 4 адам қаза тапты, төртеуі із-түссіз жоғалған Ақтөбе полициясы оқушы қыздар арасындағы төбелеске қатысты түсінік берді

Аталмыш оқиға биылғы жылдың шілде айында Қызылорда қаласына қарасты Досан ауылында болған. Кешкілік ВMW-520 маркалы автокөлігінің иесі жолды кесіп өтпек болған бүлдіршінді қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде есін жимаған күйі қайтыс болған.

«Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілген, іс сотқа жолданған. Онда абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекетті жасау жағдайы көрсетілген. Қылмыстық құқықбұзушылығы толығымен дәлелденді. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ол 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қуаныш Назар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT