+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қызылордада белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлікпен айналысуда

2021 жылғы 21 қазан 03:29
Бөлісіңіз:
Қызылордада белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлікпен айналысуда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік саласында еңбек етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мобильдік ақша аударымдарын бақылау: Мемлекеттік кірістер комитетінің түсінігі Абылай Мырзахметов «әлеуметтік желі сатушыларының» реестрін құруды ұсынды Өндірушілердің мүддесін қорғайтын жаңа механизм әзірленді - Бейбіт Атамқұлов

Пандемия шектеулеріне қарамастан өңірде кәсіп ашуға ниетті азаматтар саны артып келеді. Бұл бойынша облыс еліміз бойынша үздік үштікке енді. Сондай-ақ, облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік бағытта жұмыспен қамтылған. Аталған өсім 9,1 пайызды құрап, аймақтар арасында ІІ орынға көтерілді.

«Кәсіпкерлік субьектілер санының ұлғаюына мемлекеттік қолдау шаралары әсер етті. Мәселен, 9 ай ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 20,8 млрд. теңгені құрайтын 1360 жоба қолдау тапса, 813 жоба 5,1 млрд.теңгеге кепілдендірілді. Мұнан бөлек, қаржы ұйымдарымен кәсіпкерлердің 615 жобасына 2 млрд.теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығымен 14 кәсіпкерге 2 пайызбен 348 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мұндай қолдауларды келесі жылы да іске асырамыз»,-деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

Басқарма басшысының айтуынша, сауда және туризм саласында да ілгерілеу бар. Жалпы сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 2, ал келуші туристер саны 46 пайызға, көрсетілген қызметтер көлемі 58 пайызға артқан.

Жағымды жаңалық келер жылдан бастап туризм саласында жаңа мемлекеттік қызметтер, яғни автокөлік құралдарын сатып алу, туризм нысандарын салу, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындарының бір бөлігін субсидиялау арқылы өтеу механизмі енеді.

Еске салсақ, Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд теңгенің өнімін өндірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT