+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Қызылордада Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері талқыланды

2021 жылғы 3 қыркүйек 20:50
Бөлісіңіз:
Қызылордада Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері талқыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімдігінде Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Сүлейменов, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов қатысты.

Жиын барысында тараптар арасындағы ортақ жоспарлар сөз болып, оның ішінде Байқоңырдағы жылу электр станциясын газға қосу арқылы тұрғындарға төлем құнын төмендету мәселесі талқыланды.

«Қазақстан мен Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының бірлескен нәтижелі жұмыстарының арқасында Байқоңыр қаласының және тұтастай кешеннің ұзақ мерзімде дамуын қамтамасыз ету мәселелері шешілуде. Қазіргі таңда Байқоңырда 5 тұрғын үйдің құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Байқоңыр» кешенін газбен қамтамасыз ету бойынша келісім негізінде жұлдызды қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер, шағын және орта бизнес нысандары газға қосылды», - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин жылу электр станциясын газға қосу мәселесіне қатысты бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Ермек Қалдығұлов, облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Өмірсерікұлы негізгі мәселелер бойынша жасалған жұмыстарды тізіпп берді.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі алдағы уақытта бірлескен жобалардың нәтижелі орындалатынына сенім білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT