Қызылордада «Байқоңыр инвест» форумы аясында күріш өңдеу зауыты ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары облыс күрішшілері мол өнім алуда. Үстіміздегі жылы аймақ тарихында бұрын-соңды болмаған 500 мың тоннадан астам күріш жиналды. 

null  
Сонымен қатар, биыл облыста ирандық күріштің «Торем Хошеми» сорты егілді. Ал бүгін "Байқоңыр инвест"  форумы аясында Қызылорда күрішінің сортын Иран Ислам Республикасына  жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
null   

Қазіргі таңда қызылордалық күріш өсірушілер өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға жұмыс істеуде.

«Абай Даулет» ЖШС Қызылордада күріш өңдейтін зауыт салды.

null 

Қазіргі таңда кәсіпорында 80 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жұмысшылардың санын 100-ге дейін жеткізу жоспарлануда.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев зауыт ұжымына сәттілік тілеп, Социалистік Еңбек Ері Амангелді Ахметов күрішшілерге жылы лебізін жеткізді.

«Абай Даулет» ЖШС басшысы Даулет Сарсенбаевтың айтуынша, зауытта сағатына 7 тонна астық қайта өңделеді. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс қолданылады.
null 

 

Соңғы жаңалықтар