Қызылордада басына кірпіш құлаған ер адам ауруханаға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы Титов қыстағында бесінші қабаттан басына кірпіш құлаған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға қатты соққан желдің салдарынан болған.

«42 жастағы азамат жабық бассүйек ми жарақатын алды. Ол Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді», - деді ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова. 

Соңғы жаңалықтар