Қызылордада басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінен сайысқа түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» тақырыбымен өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды.

Қалалық байқауға мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты. Мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, этносаралық қарым-қатынасты жаһандандыру, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру. Байқауға №5 мектеп-лицей, №9 мектеп-гимназиясы, №23, №112, №173, №176, №198, №233 орта мектебінен командалар қатысты. Олар «Таныстыру», «Ой жарыс», «Салт-дәстүр - ұлт қазынасы», «Өнерлінің өрісі кең» деген төрт кезең бойынша бақ сынасты.
Әрбір мектептен келген түрлі ұлт өкілдері қазақша ән айтып, ұлы ақындардың шығармаларынан үзінді оқыды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлерін сахналап, мақал-мәтел айтудан сайысқа түсті.
nullНәтижесінде бас жүлдені №112 орта мектептің «Бірлік» командасы қанжығасына байлады. Ал, бірінші орынға №198 мектептің «Достық» командасы лайық деп танылды. Қалған орындарды №233, №9, №5, №23 және №173 мектептен келген топтар өзара бөлісті.
Қазылар алқасының төрағасы Аман Абасилов: «Тілге құрмет көрсетудің түрлі жолы бар. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр¬дымға кете жаздады» деп ұлттық кодымызға жасалған қиянаттарды атап көрсетеді. Ал, осындай шаралар тілдің, салт-дәстүр мен мәдениетіміздің қайта жаңғыруына, эволюциялық дамуға әкелетіні сөзсіз. Және өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілуінде де үлкен мән бар екенін ескеруіміз керек», - деді.

Соңғы жаңалықтар