Қызылордада балық аулауға шығып адасқандар құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының балық аулауға шыққан 3 тұрғыны айдалада адасып кеткен. Олар құтқарушылардың көмегімен әзер дегенде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық аулауға шыққан тұрғындар елсіз далада адасып қалған. Соның салдарынан Қызылорда қаласынан едәуір қашыққа кетіп қалған.

«Қызылорда қаласының 3 тұрғыны 112 құтқару қызметіне хабарласты. Құтқарушылар дереу іске кірісті. Нәтижесінде олардың Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Тайқоңыр ауылы аумағында жүргені белгілі болды. Ол Қызылорда қаласынан 250 шақырым қашықтықта жатыр. Адасып кеткен тұрғындар құтқарылды», - деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Осыған байланысты Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қыс мезгілінде балық және аң аула кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада мал іздеуге шыққан екі адам көлігімен суға кетті.

Сондай-ақ, Қызылордада мал іздеуге шығып адасып кеткен тұрғындар құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар