Қызылордада балалардың технопарк ресурстық орталығы ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада балаларға арналған «IT-imaqorda» технопарк ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықта 3D-сурет салу студиясы, робототехника және 3D-модельдеу секциялары, көпшілік алдында өнер көрсету дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған кабинеттер, сондай-ақ «DVOREC TV» балалар телеарнасы бар. Орталық оқушылар сарайы ғимаратында (қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы) ашылды.

Аталмыш орталық жұмысымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев танысты. Аймақ басшысы балаларға сенсорлық панель сыйға тартты.

Ресурстық орталық «Artimaq» 3D-сурет салу, «Roboimaq» спорттық робототехника, lego-конструкцияларды бастапқы техникалық модельдеу және құрастыру үйірмелерін қамтиды. Сондай-ақ, мұнда «Mediaimaq - public KZO» телестудиясы, «Sazimaq» мүсін үйірмесі, 3D-Labimaq зертханасы, «Iqimaq» өзін-өзі тану кабинеті, 3D-модельдеу және «Sauletimaq» құмды анимация үйірмесі сияқты 12 оқу бағыты бар.

Аталмыш үйірмелерде тәлім алып жүрген оқушылар республикалық байқауларда жүлделі орындар иеленіп жүр. Мысалы, Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Менің арманымдағы үй» макеттер байқауында бірқатар номинациялар бойынша өнерлі жеткіншектер жеңімпаз болып, 3D-модельдеу үйірмесінің қатысушылары Академия гранттарының иегерлері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, IT-технологияларды қолдану арқылы балаларды оқытуда қолжетімділікті арттыру мақсатында аймақта 13 IT-сынып жұмыс істейді. Онда 650 бала тегін оқиды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «IT-imaqorda» балалар технопаркі ашылды.

Бұдан бұрын Қызылордадағы мектепте киностудия ашылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар