+7 (701) 759 90 19
USD 426.72 EUR 520.17
RUB 5.91 CNY 66.81
Jańalyqtar

Қызылордада балалар арасында коронавирусқа шалдығу жағдайы алаңдатып отыр

2021 жылғы 21 сәуір 11:58
Бөлісіңіз:
Қызылордада балалар арасында коронавирусқа шалдығу жағдайы алаңдатып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балалар арасында коронавирусқа шалдығу жағдайы алаңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан вакцинация паспортын тану жөнінде 3 елмен келісім жасады ШҚО-дағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді КВИ-ға қарсы вакцина алғандар қан донорлығынан 2 аптаға  шеттетіледі

Биыл жыл басынан бері 14 жасқа дейінгілер арасында 345 бала қатерлі індетке шалдыққан. Ал былтыр 213 жағдайы тіркелген болатын.

Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, өткен жылы балалар арасында COVID-19-дың симптомсыз түрі анықталған еді. Ал балалар арасында биыл дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, құрғақ жөтел сияқты клиникалық белгілер тіркелуде. Бұл коронавирус инфекциясының мутацияланған жаңа штамдарының әсері деп болжанады.

«Айта кетейік, биыл 238 мектеп оқушысы арасында коронавирус жұқтырған. Көрсеткіштер бойынша, 16 сәуірде 37 оқушы қатерлі індетке шалдыққан болатын. Ал 14, 15 сәуір күндері ол 19 жағдайдан кездесті. Барлық ауру ошағында індетке қарсы залалсыздандыру, профилактикалық шаралар жүргізілді. Жақын қарым-қатынаста болғандардың барлығы 14 күнге медициналық бақылауға алынды. Ауру тіркелген сыныптар карантинге жабылды», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Соңғы күндерде бұл бойынша аурушаңдық көрсеткішінде төмендеу тенденциясы байқалды. Атап айтқанда, 17 сәуірде 9, 18 сәуірде 4 жағдай тіркелді.

Айта кетейік, Қызылордада карантин шектеуі күшейтілуі мүмкін.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT