Қызылордада балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік апатқа ұшырады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан «Болашақ» университетінің маңындағы жол қиылысында болған.

«Оқиға барысында «Honda Odyssey» және «Hyundai Santa fe» көліктері соқтығысып қалған. «Honda Odyssey» көлігі қаладағы балабақшаның біріне тиесілі болған. Аталған көлікке мінген сәбилерге облыстық көпсалалы балалар ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды.



Соңғы жаңалықтар