Қызылордада «Baikonyr Invest» форумы өтіп жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында ІХ «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара екі күнге созылады. Форум жұмысы пленарлық отырыстан және 5 секциядан тұрады. Оның бірі «Туған жерге тағзым» тақырыбында өтеді. Оған Сыр өңірінің түлектері, еліміздің өзге аймақтарында қызмет ететін іскер азаматтар қатысады. Қалған 4 секцияның жұмысы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бұл шараға Ресей, ҚХР, Өзбекстан және Иранның делегациялары қатысады. Сонымен бірге, Түркия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінен де қонақтар келді.

Форумның мақсаты - өңір кәсіпкерлеріне шетелдік және отандық инвесторлармен өзара серіктестік орнатуға ықпал жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бизнес, білім және ғылым өкілдерін біріктіру. Экономиканы әртараптандандыру мақсатында маңызды экономикалық бастамаларды дамыту болып табылады.

Халықаралық форум барысында облыстың инвестициялық жобаларына арналған көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Ресей, Иран, Қытай, Өзбекстан елдерімен ынтымақтастық мәселелері қаралады.

Соңғы жаңалықтар