+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Қызылордада БАӘ келген адамнан коронавирус анықталды

2020 жылғы 19 мамыр 19:17
Бөлісіңіз:
Қызылордада БАӘ келген адамнан коронавирус анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада шетелден келген азаматқа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қызылордада қатерлі індетке төрт адам шалдықты. Олардың үшеуі Қызылорда қаласының тұрғыны болса, біреуі Алматы қаласында тұрады. Сынама екі азаматтан ауру жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына және енді бірінен БАӘ келуіне және тағы біреуінен денсаулық жағдайына байланысты алынған.

«Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошағында мамандармен індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 250 адам тіркелген. Оның ішінде 216 адам емделіп шыққан.

Бұдан бұрын Қызылордада автобус жүргізушілері маска тақпай, жолаушылар арасындағы қашықтық сақталмағанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT