Қызылордада Азаматтық форум өтіп жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада бес күнге созылатын «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты IX облыстық Азаматтық форум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтық форумға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, Үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, сарапшылар, бизнес құрылым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары қатысуда.

Азаматтық қоғам апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, форумда азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы; қоғамдық бақылау – шынайылық пен мүмкіндіктер, ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыс факторлары, тәуекелдер, перспективалар; қоғам, мемлекет және бизнес диалогы атты бағыттар қамтылды. Сонымен қатар, форумда бұған дейінгі берілген ұсыныстардың нақты жүзеге асуы сөз болды.

Делегаттар онлайн форматта республикалық форумның сарапшылық, пікірталас және оқыту шараларына қатысуына мүмкіндігі бар. Сол арқылы елеміздегі азаматтық қоғамның дамуы бойынша өз сұрақтарын қоя алады. Бұл ретте, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белсенді ұйым өкілдерін елдегі өзекті мәселелерді ескере отырып Азаматтық форумның күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуға шақырады.

Жергілікті форум жұмысына 200-ден астам ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысуда.






Соңғы жаңалықтар