Қызылордада әйел көпірден секіріп қаза тапты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Бүгін кешке Қызылордада әйел адам көпірден секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада «102» арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар