Қызылордада айдалада көлігі балшыққа батып қалған үш жолаушы құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында күн суықта тау ішінде балшыққа батып қалған жеңіл автокөлік ішіндегі үш жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылы тұсында болды.

Елді мекен маңындағы «Шиелі-Тайқоңыр» тасжолының 65-шақырымындағы «Ақсүмбе» учаскесінде 24 ақпан түнгі сағат 3.15 шамасында «ВАЗ 2114» маркалы жеңіл автокөлігі балшыққа батып қалған.

Көлік ішінде үш адам болған.

«Оқиға орнына Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ә. Нұрмантаев және Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лейтенант Н. Мұсахан «Ssang Young Kyron» қызметтік автокөлігімен барды. Мамандар 1 жүргізуші және 2 жолаушы бар екені анықталды. Көлік балшықтан шығарылып, құтқарылған адамдар тұрғылықты мекенжайына жеткізілді» деп мәлім етті Шиелі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінен.


Соңғы жаңалықтар