Қызылордада автокөлік қаққан адам оқиға орнында көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Есенов көшелерінің қиылысында автокөлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам қаққан автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ізін суытпай автокөлік жүргізушісі қолға түсті.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы және жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу жағдайлары көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда күдікті жүргізуші ұсталды. Ол Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайлары анықталуда.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

Бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі қаққан тағы бір адам оқиға орнында ажал құшқан болатын.

Соңғы жаңалықтар