Қызылордада автокөлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жеңіл көлік газ құю стансасына соғылды. Салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртеніп, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, таңғы сағат 05.45-те болған.

«Өртке қарсы «101» қызметіне Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мөсербаев көшесі бойында орналасқан «Арал-Газ» ЖШС-ның газ құю стансасының оператор бөлмесіне «Opel Vectra» жеңіл көлігі соқтығысқаны хабарланды. Салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртенді. Өрт сөндіру қызметінің күшімен жалын 40 минут шамасында оқшауланып, 50 минутта толықтай сөндірілді. Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қаза тапты», - делінген ТЖД хабарламасында.

Тілсіз жаумен күреске 11 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.

 

Соңғы жаңалықтар