Қызылордада автобус паркін құруға қолдау көрсету жөнінде келісім жасалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада облыс әкімдігі мен Еуропа қайта құру және даму банкімен арада облыс орталығында автобус паркін жасау жобасына қолдау көрсету жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Қазіргі таңда аймақ үшін шешуші түйіндердің бірі көлік инфрақұрылымын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, сумен қамтамасыз ету, су бөлудің және жылу берудің сапасын арттыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою болып отыр», - делінген хабарламада.

Бұрыннан белгілі, Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның, соның ішінде Қызылорда облысының шикізаттық емес саладағы ең ірі инвесторы болып табылады. Банк өз қызметінде мемлекеттік инфрақұрылым нысандарын дамытуға, отандық және шетелдік инвестицияларға ықпал жасауға, қаржы секторын қолдауға баса мән беруді қолға алып отыр.

Бүгінгі таңда қоғамдық көлік саласы инвесторлар үшін тартымды сала болмай отырғаны да белгілі. Аталмыш саланың жеткілікті дәрежеде дамымай отырғаны тұрғындарға қызмет көрсетудің сапасы нашар болып, жол-көлік оқиғаларының саны артып кетуіне, қолайсыз экологиялық ахуал қалыптастыруына әсер етуде. Сол үшін инвестиция тартудың қажеттілігі туындап отыр.

Қызылорда облысының әкімдігі енді Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге өзара тиімді ынтымақтастық шартында аймақтың көлік инфрақұрылымы мен тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту үшін инвестиция әкелуді қолға алып отыр. Осы орайда «Қызылорда қаласының автобус паркін құру» облыс әкімдігі мен аталмыш банкі арасындағы бірлескен бірінші жоба болғалы тұр. Аймақ үшін өзектілігі өте жоғары бұл жобаның құны 27,11 млн. долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар