Қызылордада ауыл балаларының республикалық жарысы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауыл жасөспірімдерінің республикалық жазғы спорт ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш спорт ойындары төрт жылда бір мәрте өткізіледі. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірінен командалар келді. Ойындар барысында 2001-2003 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер сынға түсті. Еліміздің барлық өңірінен келген өрендер спорттың волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандбол секілді түрлерінен шеберлік байқасты.

Ауыл жасөспірімдерінің жазғы спорт ойындарына ұйымдастыруға  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетті.  

Жалпы командалық есепте Қызылорда облысының командасы көш бастады. Ал үздік үштікті Түркістан және Алматы облыстары түйіндеді. Сыр өңірінің саңлақтары волейболдан жігіттер арасында, шағын футбол, гандбол (қыздар), қазақ күресі, грек-рим күресі, дзюдодан жеңімпаз болды. Түркістан облысының өрендері тоғызқұмалақ, еркін күрес, таэквондодан топ жарса, волейболдан қыздар арасында Алматы облысының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Соңғы жаңалықтар