+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қызылордада ауыл әкімі төтенше жағдай кезінде тойға барған

2020 жылғы 1 сәуір 15:43
Бөлісіңіз:
Қызылордада ауыл әкімі төтенше жағдай кезінде тойға барған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында кроонавирус індетіне байланысты қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан тәртіп бұзғандар бар. Олардың қатарында ауыл әкімі де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Соңғы деректер бойынша облыста 24 адам коронавирус жұқтырған. Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында карантин жарияланды. Төтенше жағдай кезінде спорттық, ойын-сауық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Соған қарамастан Шиелі ауданы Төңкеріс ауылының әкімі туысқанының үйіндегі келін түсіру тойына қатысқан.

«Үй иесі Шиелі аудандық сотының қаулысымен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сол сияқты Қызылорда қаласындағы «Оригон» кафесінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды», – деді облыс прокурорының бірінші орынбасары.

Осындай талаптарды ескермей, үйінде той жасаған жекелеген азаматтар,кафе, мейрамхана және өзге де ойын-сауық орындары тиісті жазаға тартылған. Құқық қорғау органдары тарапынан төтенше жағдай жарияланғалы бері ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабымен 49 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған.

Атап айтқанда, 14-і соттың қаулысымен әкімшілік қамауға алынса, 23-не әкімшілік айыппұл салынды. Қалған 12-і сот өндірісінде қаралуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT