Қызылордада ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылдық округінің әкімдігінің ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдық округ әкімдігі бір қабатты ғимаратта орын тепкен. Келеңсіз жағдай таңғы уақытта болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Сағат 08-24-те жалын толығымен сөндірілді. 

«Өрт ғимараттың жылу беретін бөлмесінің шатырында  болған. Ол жалпы аумағы 84 шаршы метрді шарпыды. Оқиға салдарынан қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының  бас маманы Айгүл Нұрманова.

Соңғы жаңалықтар