+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қызылордада аулада тұрған автокөлік жанып кетті

2020 жылғы 10 қаңтар 00:50
Бөлісіңіз:
Қызылордада аулада тұрған автокөлік жанып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тұрғын үйдің ауласында тұрған жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өрт оқиғасы Қарасақал Ерімбет тұйығындағы тұрғын үйде болған. Жергілікті 112 құтқару қызметіне есік алдында тұрған «Volkswagen Tuareg» автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті.

«Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жанып жатқан автокөлік өрті тұрғын үйге қауіп төндіргенін анықтады. Мамандар дереу іске кірісіп, өртті сөндіруге кірісіп кетті. Өртті сөндіруге барлығы 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Қызылордада автокөлік өртену жағдайы жиі кездесіп отыр. Былтыр қауіпсіздік талаптары сақталмауы салдарынан 100-ден астам көлік өртенген.

Сондай-ақ, кеше Қызылорда облысында тас жолда көлік өртеніп кеткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT