Қызылордада әскери жүк көлігімен нысандарды қиратқан адам ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери «КАМАЗ» автокөлігін тартып алып, бірқатар нысандардың бүлінуіне жол берген адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 5 қаңтар күні Қызылорда қаласында болды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, сол аумақта әскери «КаМАЗ» автокөлігін тартып алып кеткен.
Одан кейін көлікпен қала орталығында орналасқан жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камерасын соғып, қиратқан. Бұдан соң ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіре беріс қоршауын сындырған. Осындай жөнсіздікке жол берген ол кейіннен оқиға орнынан бой тасалаған.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі және 202 бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар