Қызылордада асармен салынған студенттік жатақхана жабылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Арал көпсалалы колледжінің жатақханасы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, жатақхана 2007 жылы халықтың қаржысына салынған және осы уақытқа дейін құжаттары рәсімделмеген.  

Заңсыз ғимаратты қоғамдық бақылау өкілдері, атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мониторингтік топ анықтаған.

Облыста 9 оқу орнының жатақханасы бар. Мониторингтік топ олардың мақсатқа сай пайдаланылуын тексеріп шыққан.

«Жатақхана 2007 жылы асар әдісімен салынған. Осы кезеңге дейін құжаттары рәсімделмеген. Жатақханаға студенттер айына 1 800 теңгеден төлеп келген. Онда 3 штат қызметкері жұмыс жасаған», - деді агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыров.

Анықталған мән-жайлар бойынша облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныстар жолданды. Колледж жатақханасының қызметі тоқтатылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар