Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағандар ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тасжолының Арал ауданы Шижаға ауылының тұсында «Volkswagen» автокөлігін тоқтатқан. Көлікте 49 жастағы көлік жүргізушісі мен жолаушы болған.

«Тексеру барысында көліктен бір қапқа салынған шөп ұнтақтары тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 4 келіден астам кептірілген марихуана екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, екі күдікті Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске салсақ, бұдан бұрын мемлекеттен пәтер әперемін деп 19 адамды алдаған қызылордалық әйел қолға түскен еді.


Соңғы жаңалықтар