Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған азамат сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал аудандық сотында аса ірі мөлшердегі есірткі затын тасымалдаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Полиция қызметкерлері «Алматы-Маңғышлақ» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызында қызметтік иттің көмегімен жедел іздестіру іс шараларын жүргізген. Аталмыш шара барысында А. есімді жолаушының жол сөмкесінен аса ірі мөлшердегі есірткі заты салынған орамалар табылған. Оның жалпы салмағы 16008 грамды құрады. Есірткі заты аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана екені анықталды.

«Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушының қылмыстық әрекеті сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот үкімімен оған  3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазылған Арал аудандық сотының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар