Қызылордада арзан көлік алмақшы болған азамат ақшасынан айрылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны арзан көлік аламын деген ниетпен алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақорған ауданының тұрғыны жарнамалық сайттардың бірінен Германиядан нарықтағы бағадан екі есе арзанға көлік жеткізіп беремін деген алаяқтарға алданып қалды. Ол бұл ұсынысты құп көріп, алаяқтың есеп-шотына 5 мың АҚШ долларын салып жібереді. Алайда көліктен де, ақшадан да ешбір хабар болмайды. Өзінің алданып қалғанын түсінген тұрғын полиция қызметкерлеріне арызданды.

«Соңғы жылдарда Қызылорда облысында алаяқтық дерегі өршіп тұр. Биылғы жылдың өзінде осындай 414 дерек тірлкелген. Олардың арасында интернет арқылы алаяқтық жасау әрекеттері ойландырады. Сондықтан тұрғындарға бұл тұрғыда сақ болғаны жөн», - дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мамандары.

Қазіргі таңда облыста арзан бағада пәтер алып беремін, жұмысқа тұрғызамын, жер алып беремін деген секілді уәде беретін алаяқтар қатары көбейген. Олардың арасында әйелдер саны басым болып тұр.

Соңғы жаңалықтар