Қызылордада артқа шегініп жатқан көлік сауда орталығының әйнек қабырғасын қиратты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында шегінбек болған көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай сауда орталығының әйнек қабырғасын қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 қыркүйекте Н.Назарбаев даңғылы бойындағы «Aray City Mall» ойын-сауық орталығы аумағында болды. «Mercedes-Benz-тің» 51 жастағы жүргізуші артқа шегініп жатып, көлігін басқара алмай ғимараттты соғып кетті.

«Салдарынан ғимаратқа материалдық залал келді. Жол-көлік оқиғасы заң талабына сай рәсімделді. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Медицина орталығына ешкім жүгінген жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тыйым салынған діни аудиоматериалдарды сақтаған тұрғын ұсталды.



Соңғы жаңалықтар