Қызылордада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұратын жігіт жоғалып кетті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт бірнеше күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалы қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұратын Исаев Бағлан Зейнуллаұлы 2011 жылдың 3 шілдесінде дүниеге келген.

Жоғалған сәтте үстінде ақ жолақты көйлек, қара түсті қысқа шалбар киген.

«Бұл бойынша Қазалы ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрам қызметкерлері толығымен хабардар. Қазіргі таңда жоғалған азаматты табу мақсатында жедел іздестіру жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті аудандық полиция бөлімінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада елсіз далада адасып кеткен екі адам табылды.



Соңғы жаңалықтар