Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қызылордада әріптесін алдап ақша алған әйелдің бас бостандығы шектелді

2018 жылғы 5 желтоқсан 19:14 71
Бөлісіңіз:
Қызылордада әріптесін алдап ақша алған әйелдің бас бостандығы шектелді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өзінің қызметтес әріптесін алдап, 300 мың теңге ақша алған Қызылорда қаласында тұратын азаматшаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсайда ер адамды атып кеткендер ұсталды Ақтөбеде дарынды оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Бұл қылмыстық іс Қызылорда қалалық №2 сотында қаралды. Азаматша өзінің қызметтік әріптесін банкке менеждер қызметіне тұрғызуға қол ұшын созатынын айтқан. Сол үшін 300 мың теңге алған. Бұл оқиға өткен жылдың қараша айында болды. Одан кейін тағы бір танысына әлеуметтік төлем мәселесінде көмектесетінін жеткізіп, одан алған 60 мың теңгені алып жеке бас пайдасына жаратқан. Дегенмен ол соңғысының ақшасын қайтарып, одан кешірім алған.

«Соңғы жылдары әйелдер арасында алаяқтық деректері жиі кездеседі. Бұл оқиға бойынша алаяқтық жасаған әйелге төмендегіше шешім шығардық. Оның асырауында жас балалары бар. Бұрын сотты болмаған. Осындай жағдайларды ескере отырып, бұл азаматшаның бас бостандығы 1 жылға шектелді», - деп хабарлайды Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Күмісбай Қосекеев.

Бұдан бұрын Қызылордада көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаға тартылғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Қызылордада тұрғындардың 3 млн теңгесін алып кеткен алаяқ әйел сотталды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT