Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 16 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Қызылордада апатты баспанада тұрып келген 143 отбасыға жаңа пәтер берілді

2018 жылғы 14 наурыз 14:35 1971
Бөлісіңіз:
Қызылордада апатты баспанада тұрып келген 143 отбасыға жаңа пәтер берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінде 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Атап айтқанда, баспанасы апатты ден танылған 143 отбасына пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда шағынаудандарының тұрғындары бірнеше күнге газсыз қалады Ақтауда 418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Жаңа баспана иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты шараға арнайы қатысып, өз қолдарымен пәтер кілттерін үлестірді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы «Дәнекер», «Орион ЛТД» және «Астана сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тұрғызған бұл 5 қабатты үйлер 2 және 3 бөлмелі пәтерлерден тұрады.

Салтанатты шара барысында жаңа пәтер иелерінің атынан сөз алған Раиса Ержанова өз қуанышымен бөлісті.  «Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына бар мүмкіндікті жасап отырған Елбасымызға және бізді осындай қуанышқа бөлеп отырған ел ағаларына алғысымыз шексіз. Бір апта бұрын жаңа баспана аласыңдар десе сенбес едім, бүгін міне күтпеген жерден жаңа пәтердің кілтін алып, бақытқа бөленіп тұрмыз. Үйіміз апатты жағдайда екенін есітігенде, бойымызды үрей билегені жасырын емес. Ендігі күніміз қалай болар екен деп қатты уайымдап едік. Бұлай тез баспаналы боламыз деп тіпті ойламадық. Сіздерге барша тұрғындардың атынан үлкен рахмет», - деді ол.
Қызылордада апатты баспанада тұрып келген 143 отбасыға жаңа пәтер берілді

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы наурыз айының басында облыс әкімінің тапсырмасымен облыс көлемінде орналасқан жатақханалардың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Комиссия Қызылорда қаласында орналасқан 22 жатақхананың жай-күйін зерттеп, қорытындысымен Титов қыстағындағы №32 жатақхана ғимаратын апатты деп таныған. Осыған сәйкес, бұл жатақхананың тұрғындарын жаңа баспанамен қамту мақсатында шұғыл шаралар қабылданған болатын.


Қызылордада апатты баспанада тұрып келген 143 отбасыға жаңа пәтер берілді

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат