+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қызылордада алты үйдің қорасы өртеніп кетті

2020 жылғы 27 қыркүйек 19:48
Бөлісіңіз:
Қызылордада алты үйдің қорасы өртеніп кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алты үйдің мал қорасы өртеніп, салдарынан 2000 данаға тарта престелген шөп және өзге де дүниелер жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жер үйдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті – ШҚО Алматыда өртенген пәтерден әйел адамның мәйіті  табылды Атырауда балкондағы өрттен екі әйел құтқарылды

Оқиға Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылында бүгін, таңғы сағат 5.00 шамасында болды. Салдарынан бірнеше үйдің мал қорасы өртеніп кетті.

Монша, пресстелген шөп, тақтайлар, жем және 1 жылқы тілсіз жаудың құрбанына айналды. Соның салдарынан 900-ден астам шаршы метр аумаққа зиян келді.

«Оқиға орнында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» аудандағы бірінші бөлімшесі өрт сөндіру жұмыстарын атқарды. Жалын 1 өрт сөндіру автокөлігі 10 қызметкерінің күшімен толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Таң ауылындағы ерікті өртке қарсы күш құрылымдарының 6 адамы атсалысты», - дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада стационарлық полиция бекеті өртенгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT