+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қызылордада алғаш рет кілем тоқитын шеберлер фестивалі өтті

2018 жылғы 19 қазан 16:51
Бөлісіңіз:
Қызылордада алғаш рет кілем тоқитын шеберлер фестивалі өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында қазақы кілем тоқитын шеберлерді қолдау мақсатында «Kilem Fest» көрме-фестивалі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық қазынаны ұлықтаған аталмыш шараны Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы ұйымдастырды. Оған Қазақстан қолөнершілер одағы және облыстық шеберлер орталығы қолдау білдірді. Кілемдер фестиваліне Қызылорда облысымен қатар, көршілес Түркістан облысы, Шымкент қаласынан қолөнер шеберлері келді.

Жұртшылық алдында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жүрекжарды лебізін білдірді. Ол қазақ халқының тыныс-тіршілігінде қолөнердің мәні жоғары болғанын атап өтті. Расында, халқымыз ертеден ешкімнен кем түспейтін ұлттық қазынасын жалпақ жұртқа жария ете білді. Көне кезеңнен бізге жеткен тастағы жазуларда да қаншама ою-өрнек көрініс тауып, біздің тамырымыз тереңнен тартатынын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

«Бүгінгі кілемдер фестивалі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан алтын өнерді жарқырата түседі. Көздің жауын алатын дүниелер халқымыздың дүниетанымын айғақтайды. Бүгінгі шараға жиналған қолөнер шеберлеріне табыс тілеймін», - деді Р.Рүстемов.

Бүгінде ұлттық өнерді жас ұрпаққа үлгі боларлық деңгейді насихаттау - басты парызымыз. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін еліміздегі туризмді дамыту себептерінің бірі ретінде зерттеу бұл салаға ерекше серпін алып келері сөзсіз.
null

Шымкент қаласынан келген Күләш Айдарбекова Сыр өңірінде мұндай шараның өткізілгеніне қуанышты екенін жеткізді. Өйткені, өткенді тану арқылы ұлттық болмыс-бітімді қалыптастыруға болады. Сол себепті қолөнерді әрдайым басты назарда ұстап, оны жас ұрпаққа үйретуге назар аударғанымыз артық емес.

«Мен ауылдық жерде туып-өстім. Бала кезімізден үлкендерден қолөнердің қадір-қасиетін көрдік. Шамамен 5-6 сынып оқып жүргенде кілем тоқуға қызыға бастадым. Үлкендерден көргенімді жасайтын едім. Осылайша мен суретшілік жолды таңдадым. Шымкенттегі көркемөнер училищесін тәмамдадым. Жолдасым да сол оқу орнын бітірді. Қазір алты баламыз бар. Олардың барлығы қолөнерді көріп өсті. Соған бейім. Осы көрмеге менімен бірге келген балам Берік Бейісбеков те теріден түрлі бұйымдар жасайды, қамшы өреді. Ағаш бұйымдарын да жасайды. Көрмеге келген келінім - Мәдина да кілем тоқиды», - деді К.Айдарбекова.
null

Қазақы кілемдер фестивалінде олардың саналуан түрі қойылды. Олардың арасында түкті, қалы кілем, алаша және басқа да түрлері бар.

Сырдария ауданы Айдарлы ауылынан келген Роза Әлбатырова қазақы кілемдерді өзге елден келген осындай дүниелер алмастырып жатқанына қынжылыс білдірді.

«Қазақ кілемдері табиғи дүниеден жасалатынымен ерекшеленеді. Оған ешқандай денсаулыққа зиянды заттар қосылмайды. Десе де, бүгінде кілем тоқитын шеберлер азайды. Бұрын мұндай дүниелер ауылдағы екі үйдің бірінде тоқылып жататын. Қазір ол ілуде бір кездеседі. Әрине, кілем тоқу оңай емес. Шыдамдылықты, төзімділікті, іскерлікті қажет етеді. Оған біршама уақыт жұмсауға тура келеді. Бүгінде көп адам оған ерінетін болды. Базардан дайын дүниелерді алуға бейім. Десе де, ұлттық өнерді ұмытпауымыз керек. Мен сол мақсатта шәкірт дайындап жүрмін. Оларға ұлттық қазынаны зерделеуді ұғындырып, көрген-білгенімді үйретіп келемін», - дейді Р.Әлбатырова.

Фестиваль барысында қазақы кілемнің бағасы 370-400 мың теңгеге дейін баратынын білдік. Одан да қымбаты кездеседі. Өйткені, оған біраз уақыт жұмсалады. Қажетті шикізат бағасы да арзанға түспейді.

Шара соңында қолөнерді дамытуға үлес қосып жүрген шеберлер облыс әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Өз ісін жетік білетін шеберлер жастарға арнайы дәрістер өткізді.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT