Қызылордада әлеуметтік жағдайы төмен 3,6 мың балаға ыстық тамақ берілмей келген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның қызметіне жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған 3,6 мың баланың әлеуметтік көмек алу құқығы бұзылғанын анықтады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Анықталғаны - көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету құқығы Үкімет қаулысымен кепілдендірілгеніне қарамастан, Қызылорданың 54 мектебінде балаларға ыстық тамақ берілмей келген.

Прокуратура ұсынысының нәтижесінде анықталған кемшіліктер жойылып, Қызылорда қалалық әкімдігі білім бөлімінің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар