Қызылордада әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қызылорда облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақорған ауданының Қожакент пен Сунақата ауылдық округтеріндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған спорт кешендерінің ашылды.

Аталмыш шараға қатысқан Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жаңақорғандықтарды жаңа спорт нысандардың ашылуымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ, 14 желтоқсанда Шиелі ауданында 150 орындық аурухана пайдалануға берілді.

Аудандық аурухана құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Аурухананың жобалық құны - 5 млрд теңгені шамалайды. Жаңа медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілетін болады.

«Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт - денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақылды қалалар», цифрлық активтер құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс деп тапсырған болатын. Осы орайда, аймағымыздағы медициналық орталықтар цифрлық қызмет көрсету жұмысына көшті», - деді облыс әкімі.

Емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында ауданаралық ауруханаға 2 млрд 226 млн теңге болатын құрал-жабдықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар