Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.78 EUR 430.71
RUB 5.71 CNY 55.74
Jańalyqtar

Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын 4 жылға сотталды

2019 жылғы 11 қаңтар 22:56 324
Бөлісіңіз:
Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын 4 жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп елді алдаған жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 16 шетел азаматы елден шығарылды Сиырдың орнына жылқы етін сатқан алаяқтардың соты өтуде

Сотталушы А. бұл әрекетін Қызылорда қаласында жасаған. Екі танысына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып бере алатынын айтқан. Олардың бірінен 800 мың теңге алса, екіншісінен 1 млн 500 теңге талап еткен. Осылайша қомақты қаржыны қалтаға басқан.

«Оның алаяқтық әрекеті жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп,  ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді  Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Күмісбай Қусекеев.

Бұдан бұрын Қызылордада алаяқ әйел төрт тұрғынның 1, 5 млн теңгесін үптеп кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, Қызылордада тұрғындардың 3 млн теңгесін алып кеткен алаяқ әйел сотталды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT