Қызылордада алаяқтық жасаған бұрынғы полиция қызметкері жазаланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық іс жасаған бұрынғы полиция инспекторына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қалалық №2 сотында қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 1-бөлігі, 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Бұрынғы тәртіп сақшысы Қызылорда қаласы полиция басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы қызметін атқарған. Ол жәбірленуші И-ге «В» категориялы жүргізуші куәлігін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен алып бере алатынын айтқан. Осылайша алаяқтық жолмен бөтен мүлікті жымқыру ниеті туындаған. Сол мақсатта 80 мың теңге алған. Соның салдарынан сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық іс жасаған.

«Сотталушы Б-ның Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 1-бөлігі, 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол 1 млн. 200 мың теңге айыппұл төлейтін болды», - деп хабарлайды Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ол өмір бойына полиция лейтенанты атағынан айрылды. Оған қоса мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және басқа да бірқатар мекемелерде қызмет атқара алмайды.

Бұдан бұрын Қызылордада 5 млн теңге ұрлаған тұрғынның сотталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар