Қызылордада алаяқтық қылмысы өршіп тұр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алаяқтық оқиғалары өршіп тұр. Биылғы жарты жылдықта осындай 483 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елді алдаған адамдар жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беру, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру секілді жағдайларға үйіп-төгіп уәдесін береді. Сондай-ақ, кезектен тыс жер, пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткендері бар.

«Биыл тіркелген алаяқтық деректердің ішінде 98 адам интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырған, 63 адам жұмысқа тұрғызамын деп уәде берген, 68 алаяқ несие алуға көмектесемін деп алдап соққан, 63 адам жұмысқа тұрғызамын деп алдап кеткен. Сондай-ақ, қарызға ақша алып қайтармағандар және басқа да жағдайлар бойынша алаяқтық жасағандар бар», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Нәтижесінде биылғы 6 айда алаяқтық жасағаны үшін 154 адам қолға түсті. Олардың 84-іне қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды. Ал 70-не қатысты екі тараптың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс қысқартылып, келтірілген шығын өндірілді. Осы қылмыстар бойынша күдіктілердің 107-і әйел, 47-і ер азамат.

Бұдан бұрын Қызылордада таныстарының атына кредит алған студент сотталды.

Соңғы жаңалықтар