Қызылордада ақша толы сейфті ұрлағандар сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ірі мөлшерде ұрлық жасаған екі тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қаңтар айында қала тұрғыны полицияға өз үйінде ұрлық болғаны жөнінде шағым түсірді. Онда белгісіз біреулер үйінің қонақ бөлмесінің терезесі арқылы кіріп сейфті ұрлап кеткені айтылған. Сейф ішінде 1 млн 450 мың теңге ақша, алтын және күміс бұйымдары бар. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 млн 675 мың теңгені құрайды.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті ретінде екі қала тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптамасы және зерттеу қорытындысымен толық дәлелденді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот процесінде күдіктілер өздері жасаған қылмыстарын толық мойындады. Келтірілген шығын толығымен өндірілді.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Жалағашта күрекпен адам өлтірген жігіт сотталғанын хабарлаған едік .

Соңғы жаңалықтар