+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Қызылордада ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 24 ақпан 04:41
Бөлісіңіз:
Қызылордада ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Атырау облысы қайта «сары» аймаққа өтті Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,3 миллионнан асты Коронавирус: 253 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

Олардың арасында 131 адам облыс орталығының тұрғындары. Одан кейінгі кезекте Шиеліде - 14, Жалағашта - 10, Арал мен Қазалыда - 9 адам инфекция жұқтырған. Ал Сырдарияда - 6, Жаңақорғанда - 5, Қармақшыда - 3 адамнан коронавирус анықталған.

«Науқастардың басым көпшілігі ауруды қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Өткен аптада тіркелген 65 жағдайдың 31-і осындай жолмен жұққан. Бұл тұрғындардың жеке сақтық шарасын, үйде оқшаулану тәртібін, карантин талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Қазіргі таңда облыста коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 3 796 адамға жетті.

Жыл басынан бері 400-ден астам ковид-ке шалдыққан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT