Қызылордада адамдарды қаққан көлік иесі іздестірілуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында автокөлік екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан жол апаты туралы ақпаратты облыстық Полиция департаментінде растады.

«Аталмыш оқиға Қызылорда қаласындағы Шымбай көшесі бойында орын алған. Екі жаяу жүргіншіні белгісіз автокөліктің қағуы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жәбірленушілер медициналық мекемеде ем алып жатыр. Автокөлік жүргізушісін және жол-көлік апатының мән-жайын анықтауға бағытталған барлық кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ғани Төлебаев.

Соңғы жаңалықтар