+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

2020 жылғы 3 ақпан 14:04
Бөлісіңіз:
Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жасөспірім адам өлтіргені үшін күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала адам өлтірді деген күдікке ілінді.

2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Көз жұмған адамның кәмелет жасына толмағаны анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда.

Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сəйкес жария етілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT