Қызылордада абайсызда тоққа түскен жасөспірім көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында абайсызда электр тогына түсіп қалған 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 20 қарашада түнгі 01.50 кезінде Шиелі ауданына қарасты Нартай Бекежанов ауылында болған.

Сол уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабар келіп түсті.

Хабарламада 2003 жылы дүниеге келген жасөспірімнің абайсызда электр тогына түсіп, қайтыс болғаны айтылған.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар, полиция және медициналық жедел жәрдем бригадасынан мамандар барды. Оқиғаның мән-жайын анықтады.

«Осыған байланысты азаматтардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауды, тұрмыста қырағы және сақ болуды сұраймыз», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Соңғы жаңалықтар