Қызылордада абайсызда каналға құлаған бес жасар сәби көз жұмды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында каналға абайсызда құлаған бес жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 мамыр сағат 22.15 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде болған.

Үлкендердің қарауынсыз қалған 2017 жылғы сәби «Ақарық» каналына абайсызда құлап кеткен.

Сәби оқиға орнында көз жұмды.

«Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат келіп түсті. Мәйіт жергілікті тұрғындар күшімен судан шығарылды. Каналдың ені - 3, тереңдігі - 1 метр. Оған департаменттен бір қызметкер қатысты», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылорда облысында Сырдария жағалауынан ер адамның мәйіті табылды.



Соңғы жаңалықтар