+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Қызылордада Абай тұтынған шкаф сақтаулы тұр

2020 жылғы 10 тамыз 01:37
Бөлісіңіз:
Қызылордада Абай тұтынған шкаф сақтаулы тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақ халқының көрнекті тұлғасы Абай тұтынған әрбір жәдігер - бүгінде халқымыздың баға жетпес байлығы. Сондай дүниенің бірі - Қызылорда облысы Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда бірқатар әлеуметтік мәселелер шешілді Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі

Қос ғасырға жуық тарихы бар шкаф музейге келуші көпшіліктің қызығушылығын туғызады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шкафты музейге аудан орталығы - Тереңөзек кентіне жақын орын тепкен А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Ахметбек Іскендіров 2006 жылы табыс еткен екен. Бағалы жәдігер алғашқыда Құнанбайдың туысы Тұрған есімді әйел кісіге берілген. Семей өңірінде дүниеге келген ол Сыр бойының азаматымен шаңырақ көтерген. Өзінің ауылына төркіндеп барғанда оған туысқандары қазақтың ойшыл ақыны - Абай естелік ретінде аталмыш шкафты тарту етеді.

«Одан кейінгі кезеңде ол кісі қыз босанып, оған Абайдың әжесі - Зеренің есімін қояды. Зере бой жетіп, беріде Асқар ауылының азаматына тұрмысқа шығады. Келін болып түскенде оған жасау ретінде осы шкаф та өзімен бірге келеді», - дейді аудандық өлкетану музейінің мамандары.

Молдалар мен байлардың басына қара бұлт үйірілген 1928-29 жылдары бұл отбасы Тәжікстанға көшуге мәжбүр болады. Шкаф ауыл тұрғыны Тумышқа қалған екен.

1942 жылы Зеренің қызы Әсияның ұрпақтары Ахметбек, Мамадияр, Әбдіраман тәжік елінен А.Тоқмағамбетов ауылына қайта оралды. Елге келісімен Әсия әке-шешесінің Тумышқа аманаттап кеткен дүниелері, оның ішінде Семейден келген кітап сөресін қайтарып алады.

Ахметбек Іскендіровтің айтуынша, Зере оған нағашы әже болып келеді. Яғни, анасының шешесі. Көненің көзіндей дүние осылайша Ахметбек Іскендіровтің отбасына тиеді. Қаншама жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген дүниені ол кісі беріде аудандық өлкетану музейіне табыс етіп, халықтың қызыға тамашалайтын құнды жәдігерінің біріне айналды.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін - 10 тамызда Қазақстанда тұңғыш рет Абай күні аталып өтеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT