Қызылордада «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шара қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына арналды. Қазақ өнерінің белгілі тұлғалары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының тұсаукесері онлайн түрде өткізілді.
Операның қоюшы режиссері - Шымкент қалалық опера және балет театрының режиссері әрі солисі Қайрат Құлыншақов. Басты рольді облыстық филармония әншісі Айдос Иманжаппаров сомдады.
«Қойылымда облыстық филармонияның, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері, камералық оркестр өнерпаздары қатысты. Сондай-ақ, онда «Томирис» би ансамблі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Ән салу» бөлімінің студенттері мен аралас хор ұжымынан құралған 100-ден аса өнерпаз өнер көрсетті», - деді Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының мамандары.
Қойылым облыстық филармониясының камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Дирижері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев.
Сондай-ақ, Қызылордада 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда.
- Әлібек-әлем немесе суретшіліктен – суреткерлікке
- Елордалық шебер ерекше қуыршақтар жасайды
- Қызылордада тұрғын үй өртенді
- Қызылорда облысында жолда тұрып қалған көліктерге көмек көрсетіліп жатыр
-
Қызылордада көліктері қар құрсауында қалған алты аңшы құтқарылды
-
Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам