Қызылордада абақтыға 200 дана трамадол алып кірмек болған кәсіпкер ұсталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада түзеу мекемесіне 200 дана трамадол алып кірмек болған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінің өндірістік аймағына өту мақсатында келген жұмыс берушіні мекеме қызметкерлері жеке тексеру барысында қос аяқ киімінің ішінен белгісіз зат табылды.

«Оқиға мекеме басшысына баяндалып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылды. Кәсіпкерден табылған зат ақ түсті полиэтилен пакетке оралған 200 дана трамадол екені анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатып», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.


Соңғы жаңалықтар