Қызылордада 90 жастағы тұрғын алғаш рет төлқұжат алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының 90 жастағы тұрғынына алғаш рет еліміздің жаңа үлгідегі төлқұжат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының көші-қон қызмет бөлімі және халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлері бірігіп арнайы іс-шараны қолға алды. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарды, көп балалы аналарды, құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты мекен-жайына баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылды.


«Бүгінгі күнге мобильді топтармен барлығы 110-тен астам облыс тұрғындары құжаттандырып, оларға дайын құжаттарды табысталды. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының 90 жастағы тұрғыны бүгінгі күнге дейін ескі үлгідегі құжатпен жүрген. Қария еліміздің жаңа үлгідегі жеке куәлігімен құжаттанбаған. Арнайы іс-шара барысында жаңа құжат алған қария полицейлерге алғысын білдірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды.



Соңғы жаңалықтар