+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қызылордада 82 жастағы қария коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 3 маусым 14:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада 82 жастағы қария коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 82 жастағы ер адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетау ауруханаларында медициналық қызметкерлер жетіспейді Нұр-Сұлтанда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды Ақтөбеде кезексіз медициналық тексеру жүйесі жолға қойылады

Соңғы тәулікте өңірде Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 30 адам тіркелді. Олардың 25-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 2-уі Арал, 3-уі Жаңақорған аудандарында тұратыны анықталды. Олардың арасында ең үлкені -1938 жылғы ер адам, ең кішісі - 2016 жылы дүниеге келген ер бала.

«ПТР анализдері 22 науқастан вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 7 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде белгілі болды. Сондай-ақ, 1 адам ЖРВИ симптомының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгініп, анализ тапсырған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазір пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 448 адам тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT