+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қызылордада 8 млн теңгенің заттарын қолды еткен ұрылар ұсталды

2019 жылғы 12 қыркүйек 09:33
Бөлісіңіз:
Қызылордада 8 млн теңгенің заттарын қолды еткен ұрылар ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада пәтер ұрлығы және бірнеше қылмысқа қатысы бар екі тұрғын сотталды. Олар жәбірленушілерге 8 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оқушыны зорлау оқиғасы: Жамбылдағы барлық мектептерде қауіпсіздік күшейтілді Таразда зорланған 7-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды Шымкент ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын заңсыз трансплантациялау күдігімен ұсталды

Қызылорда қаласының екі тұрғыны пәтер ұрлығын түнгі уақытта жасаған. Олар жатын бөлмесінің терезесі арқылы үйге кірген. Сөйтіп теледидар, зергерлік бұйымдар және бағалы киімдерді қолды еткен.

«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдік келтірілген қаланың екі тұрғыны бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизодқа қатысты қылмысы әшкереленді. Күдіктілер жасаған барлық қылмысын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7 млн 785 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен олардың бірі 3, екіншісі 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 адам қолға түскенін хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT